Өрт сөндірушілер жасөспірімнің арманын орындады
Өрт сөндірушілер - адам өмірін қорғап, қиын сәтте бірінші боп көмекке келетін жандар. Олар тек өртпен емес, түрлі апаттар мен табиғи төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады. Мамандардың айтуынша, әрбір шақыртуда уақыттың әр секунды аса маңызды. Сондықтан өрт сөндірушілер күнделікті жаттығу жасап, техникасын қатаң бақылауда ұстайды. Бұл олардың кәсіби дайындығын шыңдап қана қоймай, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Айболат Жұмағалиев - бала күнінен өрт сөндіруші болуды армандайды. Бүгін асқақ арманына қадам басқан күн. №25 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жасөспірімді жұмыс барысымен таныстырды. Қызметтік киімдерін кигізіп, техникалық жаттығуларларын жасатты. Қауіптің қақ ортасында жұмыс істейтін өрт сөндірушілердің еңбегі қоғам үшін аса жауапты. Бүгінгі заманның батырлары осылар. 2-топ мүгедектігі бар Айболат бұл қызметте жауапкершіліктің маңызды екенін жақсы түсінеді. Ал, бүгінге шара ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай "30 игі іс" республикалық акциясы аясында өтті.Количество показов: 15
Дата создания: 17.09.2025 07:40:03