Өрт сөндірушілер қан тапсырды
Облыстық қан орталығының жылжымалы зертханасы өрт сөндірушілердің жұмыс орнына келген. Кезекшіліктен шыққан 70 адам қанын тексертіп, донорлыққа жарағандары қан тапсыру бөлмесіне жіберілді. Бір сағаттың ішінде тоғыз адам қан қорын толтырды. Бір адамнан 450 миллилитр қан алынады. Донор болған адам кейін тәттімен шәй ішеді. Сондай-ақ, донорға бір күн демалыс беріледі, әрі өзі қаласа 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төленеді. Өрт сөндірушілер вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен, бір күндік демалыстан бас тартты. "Өрт сөндіруші" мекемесінде қазір 780 маман еңбек етеді. Олар облыстағы Әлібек-мола, Жаңажол, Кеңқияқ, "Солтүстік Трува" секілді күрделі әрі жарылыс өрт қауіпі бар кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Количество показов: 1493
Дата создания: 11.06.2018 21:13:13



















