Өрт сөндіру-құтқару спортынан облыстық чемпионат өтті
№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өткен облыстық чемпионаттың алғашқы екі кезеңінде №1 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жеңіске жетті. Бүгінгі қорытынды кезеңде №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жас қызметкерлері жүлдегер атанды. Облыстық сайысқа қатысқан 100-ден астам өрт сөндірушінің дені жастар. Мамандардың айтуынша, бұл мамандыққа деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Күнделікті жаттығу мен өрт сөндіру кезінде жасалатын барлық әдіс-тәсілдерді толық меңгеруге деген олардың құлшыныстары жоғары. Бүгінгі чемпионаттың да бұған қосар үлесі зор. Облыстық чемпионатта ақтөбелік 17 өрт сөндіру бөлімінен 22 команда бақ сынады. Чемпионаттан кейін өрт сөндірушілер Алға балалар үйінің тәрбиеленеушілерімен футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Количество показов: 1847
Дата создания: 16.08.2016 19:07:11