Әртүрлі тұлғадан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударым алғандар тексеріледі
Әртүрлі тұлғадан 3 ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударым алған азаматтар тексеріледі. Бұған кәсіпкерлік қызметтің белгілері болуы себеп. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында айтылды. Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Мемлекет барлық мобильді аударымды тексермейді, тек күмән тудырған азаматтарды ғана бақылайды.Азаматтар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін туыс, достарына, ата-аналары мен балаларына мобильді аударымдар жасай алады. Қабылдауға да ешқандай шектеу жоқ. Ол тексерілмейді. Ал, такси жүргізшілері жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Мұны «e-Salyq Business», «Egov Mobile» және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жасауға болады. Кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды алып жүрудің қажеті жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңға қайшы. Кәсіпкерлер төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алдымен ескерту жасалып, қайталанған жағдайда – 40 АЕК, яғни 147 680 теңге айыппұл арқалайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері бойынша тұрғылықты жеріңіздегі мемлекеттік кіріс органдарына хабарласа аласыз.
Количество показов: 16
Дата создания: 15.05.2025 06:42:00