Өрт қауіптілігі мезгілінде құтқарушылар ақтөбеліктерді сақ болуға шақырды
Орман өртінің бірнеше себебі бар. Сөндірілмеген темекі тұқылы, шылым шоғы, аңшылықтың салдары, орманда демалушылар мен күннің қатты ысуы. Құтқарушылар ормандағы өртті сөндіру қиын, дейді. Айналасындағының бәрін жайпап өтеді. Сондықтан оған жол бермеу маңызды. Ел бойынша жыл сайын 800- ге жуық дала және орман өрті мен тұрғын үй алаптарының өрті тіркеледі. Осыған орай құтқарушылар аудан әкімдерімен бірлесіп, кешенді шаралар жоспарын құруда. Қазір барлық аудандарда өрттің алдын алу шаралары басталып кетті. Мамандар аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін деп отыр. Әсіресе орман алқаптарының бір сәтте отқа орану қаупі жоғары. Сондай-ақ, жер жыртып, егін еккен диқандарға сақадай сай болу керек. Облыс аумағын табиғи өрттен қорғау мақсатында 2580 шақырым жерге минералданған жолақ орнатылды. 39 мобильді топ құрылды. Былтыр өңірде 25 орман өрті болып, 950 гектар алаң қызыл жалынға оранған. Биыл төтенше жағдайлар қызметі облыс тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Количество показов: 852
Дата создания: 21.06.2022 22:15:05














 
    




 