Робототехника мен футбол ойынын тоғыстырған сайыс өтті
Бүгін робототехника мен футбол ойынын тоғыстырған жарыс өтті. Робофутбол санаты бойынша байқауға робототехникамен айналысатын мектеп оқушылары қатысты. Сайыстың ерекшелігі балалар футболды роботтар арқылы ойнау тәсілін қолданды. Жарысқа қатысқан оқушылардың бірі - Қасымхан Серікбай. Оның робототехникамен айналысқанына 4 жыл болған. Ол бұған дейін ұлттық дәстүр кіріктірілген робокөкпар ойынын ойнаған. Қасымхан бірнеше байқауда бақ сынағанын жеткізді. Өткен және биылғы жылы FIRST Lego Challenge турниріне қатысып, сондай-ақ робототехника бағытындағы өзге де жарыстарда тәжірибе жинаған. Қатысушылардың айтуынша, робототехника - түрлі құралдар мен детальдарды пайдаланып, ерекше жобалар жасауға мүмкіндік беретін сала. Шара білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп, қалалық техикалық шығармашылық орталығында өтті. Орталықтың 55 жылдық тарихы бар. Ал робототехника 2012 жылы енгізілген. Мекеме директорының айтуынша, бала кезде робототехниканы сүйікті ісі көріп, кейін биік белестерге жетіп жатқан жандар көп. Солардың бірқатары Англия, Мәскеу секілді елдерге оқуға түсіп, әрі қарай да осы салада өздерін дамытып жүр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысуға ниет білдіргендер саны көп болғанымен, орын саны шектеулі болған. Соған қарамастан бүгінгі сайысқа 30-дан астам оқушы қатысып, өз жобалары мен техникалық мүмкіндіктерін көрсетті.Количество показов: 6
Дата создания: 16.05.2026 06:39:14



















