Резидентурада оқу ақысы көтерілді
Жоғары білікті дәрігерді даярлау - уақыт пен сапалы тәжірибені талап ететін маңызды үдеріс. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде резиденттер клиникалық базаларда тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен білім алып, заманауи симуляциялық орталықтарда кәсіби дағдыларын шыңдайды. Университетте 2026–2027 оқу жылына арналған резидентураның оқу ақысы ресми инфляция деңгейіне сәйкес қайта қаралған. Биыл медицина саласында резидентура бағыты бойынша оқу ақысының мөлшері ресми инфляция деңгейі 11 пайыз көлемінде өсірілген. Құны 2 293 168 теңгені құрайды. Ал өткен оқу жылындағы оқу ақысы 2 065 917 теңге болған. М. Оспанов атындағы БҚМУ Басқарма төрағасы-ректорының айтуынша, жоғары білікті дәрігерлер дайындауда жауапты процесс және бұл бағытта тәжірибеге басымдық беріледі. Былтыр Денсаулық сақтау министрлігінен 281 грант,ал әкімдіктен 115 грант қарастырылса, биыл да екі жерден резидентураға 290 грант бөлінген. Ал өткен жылы резидентураға ақылы оқуға түскен студенттер саны - 54. Университте резидентура бағытына барлығы 61 мамандық қамтылған. Сонымен қатар, пластикалық хирургия білім бру бағдарламасы бойынша оқу ақысы 2 миллион 698 мың теңге болып белгіленген. Резиденттер күн сайын клиникалық базаларда тәжірибелі дәрігер-тәлімгерлердің жетекшілігімен жұмыс істеп, симуляциялық орталықтарда білімдерін пысықтайды, дейді университет өкілі. Мамандардың айтуынша, оқу барысында семинарлар, клиникалық талқылаулар, консилиумдар ұйымдастырылып, профессорлар мен жетекші мамандар дәріс оқиды. Әрбір резиденттің оқу жетістігі электрондық портфолио арқылы бақыланып, жеке оқу жоспары негізінде бағаланады. Университетте резидентура бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өткен. Сарапшылар бағдарламалардың мазмұнын, оқытушылардың біліктілігін, клиникалық базалардың мүмкіндіктерін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бағалайды.Количество показов: 15
Дата создания: 09.07.2026 08:17:44



















