Республикалық жастар форумы өтті
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі». Бүгін қаламызда осындай атаумен республикалық форум өтті. Форумға облыс әкімінің орынбасары, құзырлы орган өкілдері, Қоғамдық Кеңес мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қалалық және аудандық жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Жастар - ел болашағы. Заңды білу, көзі ашық әр адам үшін маңызды. Сондықтан жастардың қатысуымен өткен бүгінгі шарада - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық және қазақстандық тәжірибесін талдау, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына қатысты білімін нығайту басты мақсат болды. Ұйымдастырушылар «Ақтөбеде жастар өңір халқының жалпы санының 28 пайызын, ал мемлекеттік қызметтегі үлесі 37 пайызға жуығын құрайды. Бұл – жастар санының біршама көп екенін көрсетеді. Сондықтан, жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы негізгі қозғаушы күш. Осындай маңызды басқосудан біз нақты нәтиже күтеміз. Бұл кездесу – ашық талқылауға мүмкіндік беретін тиімді алаң»,- деп атап өтті. Форумда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола облыстарынан келген көшбасшы жастар өз өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірбиелерімен бөлісті. Шараға шақыртылған спикерлер жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық бастамалардың, волонтерлік пен медиа-кеңістіктің рөлі, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың практикалық әдістері туралы баяндады. Сондай-ақ, форум аясында үздік жастар марапатталды.Количество показов: 18
Дата создания: 04.12.2025 07:59:21



















