Республикалық WORKSHOP-семинары өтті
"Білім беру форматының трансформациясы: идеядан нәтижеге дейін". Бүгін қаламызда аталған тақырыпта республикалық WORKSHOP-семинары өтті. Семинар қосымша білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтеріне арналған. Еліміздің әр облысынан 20-ға жуық шығармашылық үйінің басшылары мен әдіскерлері жиналды. Шара екі күндік. Бүгін қаламызда еліміздің қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері бас қосты. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. "Қосымша білім беру педагогінің кәсіби құзыреттілігі, жаңашылдығы және жұмыстың оң нәтижеге бағытталуы" тақырыбындағы семинар екі күнге созылады. Семинар педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру және олардың оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған. Оған қоса, білім алушылардың тұлғалық дамуы үшін заманауи инновациялық тәсілдерді қолдануға ынталандыру. Мұндай семинарлар жыл сайын болады. Бұл жерден алатын ілім-білім өте көп. Жаңашылдыққа үйренеміз. Балаларды оқытып, тәрбие беріп отырған соң, ордамызға барып бөлісер ақпарат жеткілікті. Сонымен қатар жаңа адамдармен танысып, пікір алмасып, тәжірибе жинақтаймыз,- дейді қатысушылар. Семинарға спикер ретінде ҚР жетекші педагог-практиктері, педагог-новаторлары, шығармашыл педагогтері шақырылды. Олар қосымша білім берудегі өздерінің тәжірибелерімен, құнды ақпараттарымен бөлісті. Шараның өту форматы офлайн түрінде де, онлайнда өтті.Количество показов: 19
Дата создания: 19.11.2025 08:22:42



















