Республикалық тренинг аясында белсенді жастар бас қосты
Жыл сайын еліміздің үш өңірінде өтетін "Мемлекеттік жастар саясаты мектебі" биыл Ақтөбе төрінде жалғасын тапты. Үш күнге жоспарланған оқыту алаңы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда республикамызда 235 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Ал бүгінгі шарада еліміздің әр өңірінен келген орталық мамандары бой көрсетті.Семинар аясында қатысушылар жастармен тиімді байланыс орнату әдістерін үйренеді. Бағдарлама жасанды интеллектіні пайдалану,цифрлық жүйе және медиатану бағыттарын қамтиды. Іс-шараның ашылу салтанатында "Жастар" ғылыми зерттеу орталығының басшылығы жастар саясатын дамытуға арналған тың жобаларды көпшілікке таныстырды.Мамандардың сөзінше,қазіргі таңда өңірде жастарға арналған бірнеше маңызды жоба қолға алынған. Атап айтқанда, "Ақтөбе жастар" тұрғын үй бағдарламасы,"Тәуелсіздік ұрпақтары" қайтарымсыз гранттары және "Алғашқы жұмыс орны" жобалары. Бұл жобалар жас буынның әлеуметтік жағдайын жақсартып,кәсіби дамуына мүмкіндік береді.Количество показов: 16
Дата создания: 11.06.2026 08:38:55



















