Республикалық референдумға дайындық жүріп жатыр
Учаскелік референдум комиссиялары 23 ақпаннан бастап өз жұмысын бастады. Тұрғындарға қолайлы болу үшін дауыс беру учаскелерін анықтауға арналған "ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз" сервисі мен телеграмм чат-бот іске қосылды. Облыстық референдум комиссиясының айтуынша, өңірде мүмкіндігі шеутеулі азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз етуге де көңіл бөлінген. 514 учаскенің 464-інде пандустар орнатылған. Дауыс беру күні 18 сурдоаудармашы қызмет көрсетіп, 79 инватакси ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ учаскелерде еріктілер мен әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетеді. Қалалық, аудандық, аумақтық референдум комиссиялары сайлау учаскелерін бекітті. Ал дауыс беру 15 наурыз күні сағат таңғы 7-ден, кешкі 8-ге дейін жүзеге асады. Егер азамат дауыс беру күні басқа жерде болатын болса, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін учаскелік комиссияға өтініш беріп, есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндік бар.Количество показов: 8
Дата создания: 13.03.2026 07:55:38



















