Рақымшылық енді әкімшілік айыппрұлдарға да енгізілді
Елімізде әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық берілуде. Айта кетейік рақымшылық бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдарға қатысты. Оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қараған істер де бар. Биыл 1 шілдеде мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды. Заңға сәйкес, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады. Рақымшылық рәсімін аяқтау үшін алты ай мерзім берілген. Мамандардың айтуынша заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға бұл рақымшылық қолданылмайды. Рақымшылыққа ілігу үшін бірнеше талап ескеріледі. Біріншіден, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сот емес, мемлекеттік кірістер органы қараған болуы керек. Екіншіден, айыппұл 2026 жылғы 2 шілдеге дейін толық немесе ішінара төленбеген болуы тиіс. Сонымен қатар, құқық бұзушылық заңда белгіленген ерекшеліктер тізбесіне кірмеуі қажет. Рақымшылық, атап айтқанда, салық органдарында тіркеу мерзімдерін бұзу, арнайы салық режимдерін қолдану, салық есептілігін уақытында тапсырмау және бақылау-касса машиналарын пайдалану қағидаларын бұзу сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты. Кеден саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі де рақымшылыққа жатады.Количество показов: 12
Дата создания: 12.08.2026 07:02:42



















