ҚР Президентінің кеңесшісі өңір имамдарымен кездесті
Қаламызға Президенттің кеңесшісі жәйдан-жәй келмеген. Мемлекет басшысының сәлемін ала келген. Онымен қатар өңірдегі имамдар мен теологтардың басын қосып, жиын өткізді. Жиынға арқау болған тақырыптардың бірі ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Дәл осы тақырып осыдан 2 ай бұрын Бурабайда өткен ұлттық құрылтайда қозғалған еді.Ата-бабамыз ислам дінін ұстана жүре сәлт-дәстүрден ажырамаған. Дегенмен, қазір қара жамылып, бет-жүзді тұмшалайтындарды байқамау мүмкін емес. Әйтсе де, құзырлы органдар облысымызда діни ахуал тұрақты, деп бағалап отыр. 4 жыл ішінде діни оңалту мамандары, имамдар мен ұстаздар жат ағынның жетегіне кеткен 1700 астам адамды райынан қайтарған.
Өңірде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 70 мешіт бар. Оның барлығында 160 маман қызмет етеді. Оның 129-ы жоғары және арнаулы орта діни білімді. Ал, қалғаны діни курстардан өткізілген. Сондай-ақ, 2019 жылдан бері дін саласындағы кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 43 грант бөлінген.
Количество показов: 28
Дата создания: 23.05.2025 12:32:53