ҚР Ұлттық экономика вице-министрі кәсіпкерлермен кездесті
Бүгінде елімізде 2,2 миллион кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл салада еңбек ететін 4,5 миллион адам бар. Жыл басынан бері жалпы облыс бойынша 9 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект өз жұмысын тоқтатқан. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың айтуынша, басым бөлігі табысы төмен және формальды кәсіпкерлік нысандар болып табылады. Бүгін елдегі шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы, жаңа мүмкіндіктер мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі сөз болды. Арнайы кездесу өтіп, жиында кәсіпкерлікті дамыту мен бизнесті мемлекеттік қолдау мәселесі қаралды. Сонымен қатар, көлеңкелі экономикадан шығып, ресми тіркеліп жатқан азаматтар саны артқан. Әсіресе, такси жүргізушілері мен азық-түлік жеткізу қызметінде еңбек ететіндер жеңілдетілген декларация арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуде. Олар үшін табыс салығының мөлшерлемесі нөл пайызды құрайды. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында «Бизнестің цифрлық картасы», «Е-лицензиялау» порталы және сервистік форматтағы мемлекеттік қызметтер іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, субсидиялау, жеңілдетілген несие беру және кепілдендіру тетіктері ұсынылуда.Количество показов: 11
Дата создания: 30.05.2026 05:47:40



















