ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақтөбеге келді
Бүгін ақтөбеліктер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовпен өткір әлеуметтік мәселелерді талқылады. Астанадан келген қонақ жұмыс сапарымен шаһарға келіп, үкіметтің әлеуметтік осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмысы туралы айтты. Оның сөзінше, былтыр Қазақстанда үшінші топтағы мүгедектердің 25%-ы жұмысқа орналастырылған. Вице-министрдің сөзінше, мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқуға да, еңбек етуге де көбірек жағдай жасалып жатыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста 31 240 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Жыл басынан бері олардың 15 мыңына билік тарапынан техникалық оңалту құралдары берілген. Мемлекеттік тапсырыс аясында «Инватакси» қызметі 121 көлікпен 1157 адамға қызмет көрсетуде. Ал, елде 700 мың мүгедек бар, олардың 120 мыңы соңғы жылдары жұмыспен қамтылған. Үкімет мүгедектігі бар жанды жұмысқа алмаған жұмыс берушіні қатаң жазалауды қарастырып жатыр. Өңірге іс-сапармен келген Асқар Бияхметов аймақтағы бірнеше зауытты да аралап, жұмыстарымен танысты.Количество показов: 9
Дата создания: 23.08.2025 08:34:54