"QUIZ TIME" зияткерлік сайысы өтті
Жастар арасында "QUIZ TIME" зияткерлік додасына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары белсенді қатысып, жалпы саны 20 команда бақ сынады. Сайыстың басты мақсаты - жастардың бойында патриоттық сезімді нығайту, білімге деген құштарлықты арттыру және қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын ояту. Қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының айтуынша мұндай білім сайыстарын өткізудегі мақсат- жастардың білімге деген қызығушылығын ояту. Соңғы кездері білім сайыстарына құлшына қатысатын жастар саны артып келеді. Бұл қуантады. Демек, жастардың қазір оқуға, білуге құштарлығы артып келеді деген сөз,- дейді ол. Зияткерлік ойын алты кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар логикалық сұрақтарға жауап берсе, келесі кезеңде сатылы сұрақтар қойылды. Медиа кезеңінде түрлі бейнематериалдар арқылы білімдер сыналды. Ал капитандар сайысында әр команданың жетекшісі жылдам ойлау қабілеті мен лидерлік қасиеттерін көрсетті. "Бәс тігу" кезеңі тартысты өтті, ал соңғы ортақ тақырып бөлімі жастардың жан-жақты білімін тексереді. Ойын нәтижесінде жеңімпаздар ұпай бойынша анықталады. Үздік шыққан командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың уақытын тиімді өткізуге, сондай-ақ олардың жаңа достар тауып, ортақ мақсатта бірігуіне септігін тигізеді.Количество показов: 5
Дата создания: 27.11.2025 00:58:03



















