«QAZAQGAZ AIMAQ»: тұрмыста газды пайдалану талаптары қатаң сақталуы тиіс
«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы тұрғындарды тұрмыста газды пайдалану талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – абайсыздық пен қауіпсіздік ережелерін елемеу. Көміртегі тотығымен улану көбіне пешке арналған газ қыздырғышы бар құрылғыны пайдалану кезінде орын алады. Тұрғындар түтін мұржаларының тартуын уақытылы тексермей, соның салдарынан улы газ үй ішіне тарайды. Сондықтан ескі пештерді қауіпсіздік автоматикасы бар қазандықтарға ауыстыру ұсынылады дейді бөлім басшысы. Заңға сәйкес әр тұтынушы газдану дабылын орнатып, газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуға міндетті. Қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда филиал табиғи газ беруді уақытша тоқтатуға құқылы. Өңірде өнеркәсіптік қауіпсіздік күшейтілді. Былтыр Мемлекет басшысы азаматтық қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына өзгерістер енгізген заңға қол қойды. Жаңа талаптар қауіпті объектілерде өндірістік бақылау қызметін құруды, ескі жабдықтарды жаңартуды және авариялық-құтқару қызметін қатаң қадағалауды міндеттейді. Облыс бойынша 2026 жылға арналған тексеру жоспарына жоғары тәуекелді 32 және тәуекелі төмен 60 кәсіпорын енгізілген. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нысандарға уақытша тоқтату шаралары қолданылуы мүмкін дейді мамандар.Количество показов: 5
Дата создания: 07.02.2026 08:42:50



















