Пушкин атындағы саябақ мүшкіл халде
Шаһардағы көне демалыс орындарының бірі - Пушкин атындағы саябақ. Ескі бақтың қазіргі күйі көңіл көншітпейді. Кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жиі жиналатын демалыс орны бүгінде күтімсіз қалған. Аумағында біраздан тазалық жұмыстары жүргізілмегенін аңғаруға болады. Ақтөбліктер "жағымсыз иіс шығады. балаларымызды әкелгіміз келеді" дейді. Балаларға арналған аттракциондар да тозған. Тұрғындар демалыс орны қайта жанданып, бұрынғыдай халыққа жайлы мекенге айналса екен деген үмітті. Саябақ былтыр жекенің қолынан жергілікті әкімдіктің меншігіне өткен болатын. Арнайы жоба әзірленіп, биыл құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Демалыс аумағында балалар алаңы, амфитеатр, сахна және субұрқақ қарастырылған. Ағаштар отырғызылып, гүлдер егіледі. Ақтөбеліктердің ғасырдан астам тарихы бар сүйікті саябағы болашақта адам танымастай жаңғыртылатын болады. ЕСке салайық, Пушкин атындағы саябақ 1887-1890 жылдары құрылған. 1937 жылы мұнда классик ақын Александр Пушкиннің аты берілді.Количество показов: 7
Дата создания: 13.05.2026 06:12:10



















