Прокурорлар мен психологтар оқушылармен кездесті
«Заң мен тәртіп - салауатты қоғамның кепілі» тақырыбында жалпықалалық интерактивті кездесу – жасөспірімдер арасында заңға деген құрметті арттыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу және құқықтық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Кездесуге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, облыстық прокуратура өкілдері, білім беру саласының басшылары және тәжірибелі психологтар қатысты. Мамандар оқушыларға күнделікті өмірде құқықтық нормаларды сақтау, қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын мамандарға тікелей қоюға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қоспақ.Количество показов: 7
Дата создания: 28.11.2025 07:51:27



















