Полиция мен құтқарушылар су айдындарында рейдтік іс-шара жүргізбек
Ақтөбеде суға шомылу маусымына дайындық басталды. Төтенше жағдайлар департаменті судағы оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарына кірісті. Былтыр карантиндік шектеулерге байланысты жағажайлар дұрыс жұмыс істеген жоқ. Биыл 19 жағажай ашылмақ. Мұнда құтқарушылар кезекшілік ететін болады. Төтенше жағдай қызметкерлері әсіресе балаларды көзден таса қалдырмауға шақырады. Өйткені, қазірдің өзінде балалар мен жасөспірімдер судың жағасында ойнап жүр. Былтыр облыста 14 адам суға батып кеткен. Екеуі бала. Бүлдіршіндер қараусыз қалып суға кетсе, ересектер қауіпсіздік қағидаларын бұзған. Алкаголь тұтынып, жазатайым оқиғаға ұшырағандары да бар. Ережелерді елемей, талаптарды ескермегендер әкімшілік жазаға тартылады. Айта кетейік, суға шомылу жылдағыдай маусымның 1-нен басталмақ. "Сақтансаң ғана сақтайды", дейді халқымыз. Сондықтан құтқарушылар адамдарды арнайы белгіленген жерлерде ғана, қауіпсіздің ережелерін бұзбай шомылуға шақырады.
Количество показов: 671
Дата создания: 26.04.2022 18:52:01














 
    




 