Полицейлерге жол қозғалысы кезінде пайдаланатын ала таяқтары қайтарылып берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін сенат отырысында белгілі болды. Сенатор Георгий Ким еліміздің премьер-министрі Асқар Маминнің атына сауал жолдады. Қазақстан аумағында ала таяқтарға қатысты дау 2014-2015 жылдары көтерілген. Алып тастау жүйесі бірнеше рет қаралып тек 2017 жылдың қаңтар айында іске асырылды. Соңғы екі жылдан бері жергілікті жол инспекторлары қолын сермеп көліктерді тоқтата алады. Басында бұл үрдіске жүргізушілер түсінбей қарады. Инспекторлардың жанынан тежегішін баспай өткендері де кездескен. Жезлді қайтаруға қатысты сенат депутаты Серік Ақылбай өз пікірін білдірді. Халық қалаулысы жол қозғалысын реттеп тұрушы жол инспекторларына ала таяқ ауадай қажет деп есептейді. Депутаттың сауалы әлі қаралу үстінде. Жауап оң шешілсе,
жол сақшылары екі жылдан бері шаң басып қалған ала таяқтарын қайта шығаруға мәжбүр болады. Дегенмен, деректер бойынша мұндай таяқтардан АҚШ, Батыс Еуропа мемлекеттері әлдеқашан бас тартқан.
Количество показов: 1406
Дата создания: 14.03.2019 18:32:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>