Полицейлер тұрғындарды қабылдады
Ақтөбеліктер бүгін полицейлердің қабылдауында болды. Себебі елде жыл сайын жол қозғалысына қатысты заңдар өзгеріп, жаңа ережелер қабылданады. Облыстық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының өкілдері қала тұрғындарының сауалдары жауап беріп, мәселелерінің шешімін айтты. Автомотокөлік құралдарын тіркеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, автоматты тіркеу құралдары арқылы анықталған құқық бұзушылықтар, айыппұлдарды төлеу тәртібі сынды сұрақтар қойды. Алғашқы жарты сағатта 10-ға жуық ақтөбелік сақшылардан кеңес алды. Сондай-ақ, ақтөбеліктер мопедтерді тіркеу мәселесіне қатысты сауалдар қойды. Бұл көлік биыл 5-сәуірден бастап тіркеле бастады. Жүргізушілердің техникалық бақылаудан өтіп, нөмір алулары міндеттелді. Ал, полиция өкілінің айтуынша, мұндай қабылдаулардың басты мақсаты - халықпен ашық байланыс орнатып, олардың сұрақтарына нақты жауап беру. Әрбір тұрғын өз мәселесін тікелей полиция қызметкерлеріне жеткізіп, түсініктеме ала алады. Полиция департаменті тұрғындарды осы кездесуге қатысып, уәкілетті мамандардан тікелей жауап алуға шақырды.Количество показов: 17
Дата создания: 22.08.2025 08:14:47