Полицейлер "Автопарк" серіктестігінің жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Қоғамдық көлік жүргізушілері күніне мыңдаған адамның өміріне жауап береді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету- басты міндеттің бірі. Сондықтан "Автопарк" серіктестігінің жүргізушілері таңғы 5-те өз жұмыстарына келіп, көліктерін дайындайды. Күн сайын алкагольге де тексеріледі. Ал таңғы 6-дан бастап түнгі 10 жарымға дейін тапжылмастан рөлде отырады. Қазір Автопарк серіктестігнде 100 ден астам автобус жолаушыларды тасиды. Бүгінгі өткізілген профилактикалық шараның басты мақсаты- жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жолда мұқият болуға, қателіктер жібермеуге шақыру. Тәртіп сақшылары рейдтік шаралар да тұрақты жүргіліп тұратынын айтты. Бұл- қоғам қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан ортақ іс, дейді. Облыс аумағында 2025 жылдың басынан бері қоғамдық көлік жүргізушілерінң қатысуымен 23 жол апаты орын алып, 21 адам жарақат алған. Естеріңізге сала кетсек, елді мекендерде автобустардың жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруына тыйым салынады.Количество показов: 23
Дата создания: 13.06.2025 08:58:22