Полицейлер 10 есірткі жарнамасын анықтады
Учаскелік полиция қызметкері - өз ауданының тыныштығы мен тәртібін қадағалайтын адам. Облыс аумағында өтіп жатқан "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы сақшылардың әкімшілік учаскенің әрбір тұрғынымен танысып, ұрлықтың алдын алып, мас күйінде және тұрмыс саласында жасалатын қылмыстарды болдырмауға бағытталғын. Сондай-ақ соттан және тергеуден жасырынып жүрген, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ІІО есепке тұрудан жалтарған жандарды анықтайды. Күн сайын облыс бойынша жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Оларға қоғамдық көмекшілер мен еріктілер де көмек көрсетеді. Аймақта барлығы 253 993 пәтер және жеке үйлер бар, оның 124 667-сі көп қабатты үй. Көпқабатты тұрғын үйлерде болатын шағымдардың дені - түн мезгілінде тыныштықты бұзу, қоқыс төгуге қатысты, дейді тәртіп сақшылары. Шара басталғаннан бері 14 211 саяжай үйінің 1 900-ы тексерілген. Тағы 82 жатаханада тексеріс болып, онда тұратын студенттермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Салық органдарына тіркелмеген тұрғын үйді жалға берудің 106 дерегі анықталды. Тұрақты мекені жоқ 6 адам ұсталып, арнайы орынға орналастырылған. Қазіргі таңдағы күрделі мәселе - үйлердің қабырғасына бояумен жазылған нарко-граффит суреттер. Мұндай 10 есірткі жарнамасы анықталып, жойылған.Количество показов: 20
Дата создания: 17.09.2025 07:38:06