Полицейлер 1-мамыр мерекесін атап өтті
"Бірлік болмай тірлік болмас". 1- мамыр ҚР халқының бірлігі және ынтымақтастығы күні. Мереке қарсаңында облыстық ПД бірқатар қызметкерлері құттықтау грамоталарымен марапатталды. Тәртіп сақшылары - қылмыс пен бұзақылыққа бірінші боп қарсы тұрататын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жандар. Рома Ананьев - учаскелік инспектор. Қаламызға осы жылдың ақпан айында Орал қаласынан ауысып келген. Қазақ тіліне судай. Ұлты орыс. Қазақ мектебінде оқығанын айтады. Құқық қорғау саласында қызмет ететінен дән риза. Өз мамандығын сүйеді. Арманы қауіпсіз қоғам орнатып, қылмысты азайту. Мерекелік іс- шарада 6 полиция қызметкері грамотамен марапатталды. Ішкі істер саласында бірнеше ұлт өкілі қызмет етіп жатыр. Барлығының мақсат-мүддесі бір. Отанын қорғау. Бүгінгі шарада тәртіп сақшылары өз өнерлерін ортаға салды. Қазақ тілінде ән шырқап, өлеңдер оқыды.Количество показов: 387
Дата создания: 01.05.2024 04:54:09