ПИК қызметіне көңіліңіз тола ма?
Шаһарда пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына халықтың көңілі тола бермейді. Тұрғындар көбінесе баспаналарының кіреберісі, шатырлар мен жертөлелердің жағдайына шағымданады. Ай сайын төлеп отырған ақшаларының да есебін дұрыс ала алмайтындар көп. Ал, пәтер иелері кооперативі төрағалары керісінше, тұрғындар уақытында ақы төлемейді дейді. Ал, 15 қыркүйектен бастап барлық кооперативтер басқарудың мүлік иелерінің бірлестігіне өтуі шарт. Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы Ақнұр Қазбаева мәлімдеді. Қазақстанда бір аптадан кейін басқарушы компаниялардың, ПИК-тердің және үй басқарушыларының қызметі заңсыз болуы мүмкін. Оған себеп - заңдағы жаңа талаптар. 2023 жылдан бастап тұрғын үйді басқарумен айналысатын кез келген субъектінің құрамында арнайы сертификатталған маман болуы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева пленарлық отырыста айтты. Алайда ондай сертификат беретін аккредиттелген орталықтар елімізде жоқтың қасы. Тестілеу тек онлайн форматта өтеді. Бағасы 100 мың теңгеге дейін. Бұл көптеген тәжірибелі басқарушылар үшін қолжетімсіз. Ал, қаладағы ПИК, басқарушы компаниялар 1 жыл ішінде қайтадан тіркеуден өтуі керек. Алда, үлгі жарғысына сәйкес жұмыс жасайтын болады. ПИК, басқарушы компаниялар өз тұрғындарына жиналыс жасаулары шарт. Тұрғындар олардың қызметін әрі қарай пайдалана ма, жоқ па өздері шешеді. Депутаттың айтуынша, бүгінге дейін мемлекет тұрғын үй қорын басқару нарығына нақты бағалау жүргізбеген. Қанша компания бар, қаншасы заң талаптарына сай - ешкім білмейді. Ал аккредитация алу үшін миллиондаған теңге қажет. Бар орталықтарда филиал жоқ. Депутат өз сөзінде қазіргі жағдайға толыққанды баға беріп, нарықты реттеу үшін бірқатар ұсыныс айтты. Қатарында аккредитация орталықтарының санын арттыру, тестілеу құнын төмендету, емтихан форматын мамандардың жас ерекшеліктеріне бейімдеу және қазіргі қолданыстағы сертификаттарды мойындау мәселелері бар. Смышляева бұл жұмыстан орталық және жергілікті мемлекеттік органдар да сырт қалмауы тиіс екенін айтты. Әйтпесе, мыңдаған үй басқарусыз қалып, тұрғын үй саласында жаңа дағдарыс туындауы мүмкін.Количество показов: 20
Дата создания: 05.09.2025 07:57:22