Педагогтер арасында республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында бүгін инженерлік сала, сервис және қызмет көрсету саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының өңірлік кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтарын анықтау, қолдау және инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату. Облысытық әдістемелік орталығының ұйымдастырумен бүгін Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінде шаштараз қызмет көрсету, яғни сервистік саласы бойынша және инженерлік сала бойынша конкурс өтті. Бұл дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отыратын іс шара,- дейді ұйымдастырушылар. Мақсат- педагогтердің өз саласы бойынша кәсіби деңгейін арттыру. Конкурс 2 құзыреттілік бойынша өтті: «Машина жасау технологиясы », «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету»6 «Сандық бағдарламамен басқарылатын токарлық жұмыстар», сонымен қатар «Шаштараз ісі». Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара 6 жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алдымен қатысушылар өңірлік кезеңнен өтеді, жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткендер республикалық кезеңге жолдама алады.Количество показов: 8
Дата создания: 01.05.2026 06:21:18



















