Ойын-сауық аттракциондары талапқа сай ма?
Полиция қызметкерлері, қалалық прокуратура өкілдері мен төтеншеліктер аттракцион мен батуттарды тексеруді бастады. Шаһардағы саябақтар мен ойын алаңдары, суға шомылуға рұқсат етілген жерлердегі ойын құрылғыларын тексереді. Каникул кезінде балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында кешенді алдын-алу шаралары жүргізілуде. Алдымен олар Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақты аралып, аттракциондардың техникалық дайындығын тексерді. Жазғы демалыс басталысымен ата-ананың баланы қайда апарамын, немен айналыстырамын деген бас ауруы қоса басталатыны анық. Ал, 9 ай бойы білім алып шаршаған бала еркіндікті қалайды. Десе де, балаға аса сақ болатын шақ осы кез. Рейд жүргізушілер ата-аналар мен жасөспірімдерді ескертіп, жалпы демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Судағы тәртіп ережелері мен қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларының маңыздылығы да түсіндірілуде. Ал, ақтөбеліктер саябақ, ойын алаңдарындағы аттракцион, батуттардың қауіпсіздігіне сенбейді. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін нысан иелеріне заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады. Сондай-ақ, қала тұрғындарын да қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Күдікті немесе қауіп төндіретін жағдай туындаса, тиісті органдарға дереу хабар беру маңызды.Количество показов: 31
Дата создания: 30.05.2025 08:47:02