Ойыл ауданының екі ауылына көгілдір отын кірді
Ақкемер ауылын газбен қамту жобасы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға 65,5 млн теңге бөлінді. Мердігер ұйым - «GazMart» ЖШС. Нәтижесінде 378 адам тұратын 71 үй мен үш әлеуметтік нысан табиғи газға қосылды. Кемер ауылындағы газ құбырының іске қосуына 207,3 млн теңге бөлініп, жұмыстарды «АСК-7 НС» серіктестігі атқарды. Көгілдір отын 770 адам тұратын 159 үй мен 20 әлеуметтік нысанға жеткізілді. Ауыл үшін ұзындығы шамамен 15 шақырым құрайтын газ құбыры салынды. Көгілдір отыр келген ауыл тұрғындарыны бүгін қуаныштарын жасыра алмады.«Осы айтулы күні біз Ақкемер мен Кемер ауылдарының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Екі ауылдағы үйлерге көгілдір отын беріліп, бұл елді мекендердің дамуына және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жаңа мүмкіндік ашты. Осыған дейін көптеген отбасы қысқа дайындықты ерте бастап, көмір мен отын дайындап, пеш тазалап, күн сайын күл шығаруға мәжбүр болатын. Енді бұл қиындықтар біртіндеп өткеннің еншісінде қалмақ. Көгілдір отын ауданның екі ауылына бірдей келіп, олардың дамуында жаңа кезеңнің басталуына жол ашты»,
– деді өңір басшысы.Облыс басшысының айтуынша, өңірді газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Былтырғы жылы облыстың 32 ауылына табиғи газ жеткізіліп, шамамен 13 мың тұрғын көгілдір отынның игілігін көрді. Биыл тағы сегіз елді мекенді газға қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде Ақтөбе облысындағы газдандыру деңгейі 97,5 пайызға жетеді.
Количество показов: 12
Дата создания: 13.06.2026 06:37:45



















