Отбасылық мәселе, баспана табу, жұмысқа тұру, денсаулық және құқықтық көмек
Ашық есік күнінде мамандармен жүздесуге ақтөбелік келіншектер көптеп келді. Нәзік жандылардың көкейлерінде жүрген сұрақтары өте көп. Арулар мәселелерін ортаға салып, білікті мамандардан өздеріне қолдау көрсетулерін сұрады. Құқықтық көмек, психологпен тегін сағаттар, медиациялық араласу, тіпті шағын бизнесіне көмек алғандары да болды. Ашық есік күніне қалалық мәслихат депутаттары, медицина қызметкерлері, заңгерлер, отбасылық медиаторлар, әлеуметтік қызметкерлер, "Отбасы банк" пен мансап орталығының мамандары, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты. Шарада 100-ге жуық ару толғандырған мәселелерінің шешімін тапты. Әсіресе әлеуметтік қолдау алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін шешу және құқықтық көмекке жүгіну сауалдары қанағаттандырылды. Психолог мамандарының айтуынша, отбасында мәселе туындаған жағдайда оны жалғыз шешуге тырысудың қажеті жоқ. Қазіргі таңдағы ауқымды мәселе зорлық-зомбылық екенін ескерсек, қолдау орталығына жүгіну ең дұрыс шешім. Отбасыны қолдау орталығы тұрғындарға қажетті бағыт бойынша кеңес беріп, мәселені шешудің жолдарын түсіндіреді.Количество показов: 14
Дата создания: 11.09.2026 09:41:46



















