Отбасы берекесі-имандылық пен сыйлыстақта
Ана десе, көз алдымызда ас үйде тәтті тамақтар пісіріп, жылы жүзімен үй тірлігін атқарып жүрген абзал жан елестейді. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп жүріп-ақ бәріне үлгереді.Бұл замануи аналардың бейнесі. Отбасындағы әкенің рөлі айрықша. Мұны дініміз де, халқымыз да дәлелдеп тастаған. Әке отбасының материалдық жағдайын ойлайтын түздің адамы ғана емес, ол шаңырақтың берік болуына, отбасындағы береке-бірлікке тікелей жауапты адам. Бір сөзбен айтқанда, әкеге "Шаршауға" болмайды."Отан отбасынан басталады". Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің болашағының кепілі. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы шағын мемлекет. Елімізде отбасы құныдылықтарын дәріптеуге айрықша көңіл бөлінуде. Әке көрген оқ жонса, ана көрген тон пішетіні анық. Тәрбие тал бесіктен, дейді халқымыз. Көреген отбасыдан шыққан бала да алысқа барады. Соның бір дәлелі Махмеиовтер отбасы. Ерлі-зайыпты Ермұханбет пен Асыл өнер иелері. Шығармашылық пен отбасын қатар алып жүрген жұп көп балалы отбасы. Балаларын кішкентайынан жанашырлық пен мейрімділікке баулыған олар сыртта жүргенде міндетті үйдің тұңғышына артатынын айтады.Бүгінгі іс-шараның мақсаты - отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау, жастардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру және ұлттық тәрбиенің негізін ұғындыру.Мұндай игі бастамалар жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтып, ұлттық тәрбиені жандандыруға септігін тигізері сөзсіз. Бұл шара жас ұрпақты отбасы құндылығын қастерлеуге, татулық пен сыйластықты үйретуге септігін тигізері анық.
Количество показов: 23
Дата создания: 16.05.2025 04:05:32