Отандық дизайнерлер төл туындыларын ақтөбеліктердің назарына ұсынды
Өңірімізде қазақстандық дизайнерлерді қолдау мақсатында жылына екі рет, көктемде және күзде "pop-up Aktobe" көрмесі өтіп тұрады. Биыл дәстүрлі көрме Өнер орталығында орналасты. 9-11 сәуір аралығында өтіп жатқан шараға еліміздің Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Жаңаөзен қалаларынан 30 қатысушы қатысып, өз туындыларын көпшіліктің назарына ұсынуда. Көрмеге тек отандық дизайнерлердің төл туындылары қойылған. Қазақы нақыштағы әшекейлер, киім түрлері, сөмке, етік, бас киім, тіпті косметика бұйымдарына дейін бар. Кеше басталған "Рop-up Aktobe" көрмесі 3 күнге созылады. Шара отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатына арналған. Бақытгүл Көшербайқызы көрмеге Алматы қаласынан келіп тұр. Өнертану мамандығы бойынша оқуын аяқтаған бойжеткен дизайнер болуды мақсат етеді. Ұлттық киімдер тігіп, аруларды қуантып жүргеніне биыл бесінші жыл. Ұлттық киім қазір сұраныста, сондықтан өнімдерімізді сапалы, әдемі, заманауи етіп тігуге тырысамыз,- дейді жас дизайнер. Отандық қолөнер иелерінің көрмесі жыл сайын екі рет өтіп тұрады. Биыл дәстүрлі көрменің 7-ші маусымы Өнер орталығында өтті. Дизайн экспозициясына өз өнер туындыларын Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Жаңаөзен қалаларынан 30 қатысушы әкелген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге келіп, сатып алушылар саны да, қатысып өз туындыларын ұсынушылырдың да саны артып келеді.Количество показов: 10
Дата создания: 11.04.2026 06:14:43



















