Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелеріне орай тәртіп сақшыларының шендері жоғарылады
Бүгінгі мерекелік шарада Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Жаслан Жексенбаевқа "полиция подполковнигі" , №3 қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары Жақсыгелді Сагиевке "полиция майоры" шені берілді. Бұдан бөлек "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен үш қызметкер, І дәрежедегі "Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен үш қызметкер марапатталды. Тағы бірқатар тәртіп сақшысына "Құрмет грамотасы", "Алғыс хаттар" табысталды. Облыстық ПД бастығының бұйрығымен 12 жас полиция қызметкеріне "полиция лейтенанты" шені берілді.
Количество показов: 840
Дата создания: 06.05.2022 18:48:29














 
    




 