Қалада осыдан екі ай бұрын жасалған мал ұрлығы ашылды. Барымташы қараша айында іргедегі Пригородный ауылында шаруа қожалығынан 3 бас жылқыны алдына салып айдап кеткен. Қолға түскен күдікті қылмысын мойындап, мал сойған жерін өзі көрсеткен. Бұл сойылған ірі қараның терісі, бас, сирақ сүйектері. Айғақ заттар мен малды сойған жерді күдікті полицияға өзі көрсеткен. 36 жастағы ер адам іздеу операциясы кезінде тәртіп сақшыларының қолына түсіп, қылмысты жасағанын мойындаған.
Өткен аптада жалпы бұрын жасалған 21 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, 173 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 40 - ы алаяқтық, 45 - і жеке мүлікті ұрлау, 2 - і мал ұрлығы, 4 - і тонау фактілері. Сонымен қатар, 2800 - ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Количество показов: 802
Дата создания: 09.01.2023 14:22:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>