Остеопороз ауруы жасарып келеді
Дүниежүзілік остеопорозға қарсы күрес күніне орай бүгін Аққағаз Досжанова атындағы конференс-холлда "Қозғалыс - саулық кепілі" атты шеберлік сағаты өтті. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессор, оқытушылар студенттерге қозғалыстың адам ағзасына оң әсері туралы айтып берді. Қазір балалар мен жасөспірімдер арасында қозғалыс аз. Сүйек-тірек қимыл жүйесіндегі ақауларды болдырмау маңызды, дейді дәрігерлер. Өздері еңбекке ерте араласқандарын айтады. Жасөспірім кезден мақта теріп, құрылыс жұмыстарына да қолғабыс еткен. Ал, қазір керісінше, қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп жатқан жеткіншектер мен жастар көп. Телефонға телмірген заманда остеопороз ауруы жасарып келеді. Бүгінгі шараға оқу орынының 1-3 курс студенттері қатысты. Оқытушылар тәжірибелерімен бөлісіп, остеопороздың алдын алу жолдары жөнінде практикалық және теориялық кеңестер берді. Остеопороз — сүйектің беріктігі мен тығыздығы төмендеп, сынғыш болып қалатын созылмалы ауру. Ол көбінесе егде жастағы адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Күн сайын кальцийге бай тағамдар тұтыну, күн сәулесінде жүру, дене белсенділігімен айналысу, дәрігерлік тексеруден уақытылы өту маңызды. Дүниежүзілік остеопороз күні жыл сайын 20 қазанда атап өтіледі. Халықтың сүйек саулығына, остеопороздың алдын алуға және ерте диагностика мен емнің маңыздылығына назар аудартуға бағытталған. Бұл күн алғаш рет 1996 жылы Ұлыбританияда атап өтілген. 1998 жылдан бастап Дүниежүзілік остеопороз қоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдауымен жыл сайын халықаралық деңгейде өткізіледі.Количество показов: 22
Дата создания: 21.10.2025 08:44:49