Қосалқы көшелерге техника қашан жетеді?
Шаһарда қар шығару жұмыстары басталды. Мердігерлер қаланың суға кету қауіпі бар бірнеше тұрғын алабында жұмыстар жүргізді. Дегенмен, әлі коммуналшылар жетпеген көшелер де бар. Шевченко көшесі - соның бірі. Қыс басталғалы қары аршылмаған. Күннің күрт жылынуынан қар еріп, көше көктайғақ болып жатыр. Жүріп-тұру қиын. Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақ жауапты тұлғалардың назарынан тыс қалған. Шевченко көшесінің тұрғындары әкімдіктен мәселені назарға алып, қар тазалау жұмыстарын жедел жүргізуді сұрайды. Себебі қар бірден ерісе, үйлеріне су кіреді деп алаңдайды. Ал, шаһарда қар шығару жұмыстары жылда ақпанның ортасы, наурыздың басында басталады. Биыл мердігерлер жұмысқа ерте кірісті. Қазір суға кету қауіпі жоғары аумақтар қардан аршылып жатыр. Тұрғындар қалашығы, Мәскеу, Шанхай аудандарында жұмыс қарқынды. Ал, қосалқы көшелер қардан уақытылы аршылғанымен жеке тұрғын үйлердің иелері аулаларындағы қарды қайтадан көшеге шығарып тастайды, дейді қала әкімінің баспасөз қызметі. Ал, ауладан шыққан ақ ұлпаны тұрғындар қала сыртына өздері көлік жалдап шығаруы тиіс.Количество показов: 12
Дата создания: 20.02.2026 07:01:52



















