Орындалған әке аманаты!
Бұл жылдар бойғы сағыныштың ғана емес, әке аманатын орындаған күннің жеткенінен сыр беретін ақсақалдың көз жасы. Сағитжан Жұпалаев 1942 жылы майданға аттанған әкесінің ағасы Жақсылық Жұпалаев туралы дерек іздеп, біраз ізденгенін айтады. Туған әкесі де қайтар кезде ағамды іздеңдер деп аманаттап кетіп еді. Жүрегіміз тыныштық тапты дейді қария.Сағитжан Жұпалаев ақсақал көкесінің моласын Беларусь республикасындағы Гомель облысы Светлогорск ауданындағы Печищи елді мекеніндегі бауырластар зиратынан табады.Соғыста қаза болған солдаттың ағасының баласы туған жердің топыраған ала барып, көкекеміздің моласына салып, ырымын жасадық дейді.1904 жылы туған Жақсылық Жұпалаев соғысқа кетпей тұрғанда ауыл мектебінде мұғалым болыпты. Сауатты жігіттің ақындығы да болған екен, балаларға арнап өлеңдер жазға,н дейді майдангердің туыстары.Табылған деректерге сай Жақсылық Жұпалаев соғыс жылдарында 194 дивизияның 616 атқыштар полкінің қатарында Беларусьті азат ету үшін болған шайқастарға қатысып, бірнеше рет жараланған. Әйтсе де, жарақатына қарамастан солдат бірнеше рет жауынгерлік сапқа қайта қосылып отырған. 1944 жылдың қаңтар айынан кейін Жақсылық Жұпалаевтан хат хабар болмапты.
Количество показов: 39
Дата создания: 07.05.2025 05:35:02