Орталық базар аумағы қоқыстан тазартылды
Өткен сенбіде Орталық базар аумағындағы мекемелер ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді. Бұл жолы жұмысшылар мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, айналаны қоқыстан тазартып, аумақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Орталық базар әкімдігінің өкілдері тек сауда-саттықпен айналысу ғана емес, айналаны таза ұстау да маңызды екенін атап өтті. Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Шараға «№13 «Бөбек» бөбекжай-балабақшасы» ұжымы да белсене қатысты. Тәрбиешілер жоба басталғалы бері тұрақты түрде сенбіліктерге шығып жүргендерін айтып, аумақты тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Олар жапырақтарды жинап, сынған бұтақтарды тазалап, аулалар мен жол жиектерін ретке келтірді. Сонымен қатар, балабақша тәрбиешісінің айтуынша, ағаштарды әктеу және абаттандыру жұмыстары да қатар атқарылып жатыр. Қатысушылардың сөзінше, мұндай шаралар тек тазалық үшін ғана емес, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде де маңызды рөл атқарады. Айта кетейік, қала бойынша барлық мекеме мен ұйым өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенді түрде атсалысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда.Количество показов: 13
Дата создания: 14.04.2026 05:58:34



















