Орталық Азия халықаралық форумындағы «Қазақ кезеңі экспедиция жолы" Ақтөбеден басталды
Өңірімізге Орталық Азия елдерінің 50 блогері келді. Елімізбен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей өкілдері аймақтың туризмімен танысады. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында экспедицияның Қазақстандағы ашылуы өтті. 5 ел өкілдері Ақтөбедегі екі күнде аймақтың медицинасы мен агротуризімімен танысады. Танымал жерлерді қарап, туристік мүмкіншілігін зерделеп, насихаттайды. Алмас Салықбаевтың сөзінше, туристік нысандарға инфрақұрылым тарту маңызды. Блогерлер кеше Мәртөк ауданындағы "Зәру" панто-шипажайында болған. Енді "Қасқыр" сарқырамасы, Қарғалы су қоймасына барады. Бізге жеткенше олар Ресейдің 7 өңірін аралаған. "Еуразия жүрегі" халықаралық экспедиция іскерлік, достық, ғылым-білім, гуманитарлық бағыттар бойынша жұмыс істейді. Орталық Азиядағы 5 мемлекеттің арасындағы достықты нығайту басты міндет, дейді ұйымдастырушылар. Ал, экспедиция құрамындағы ғаламтор белсенділерінің дені Қазақстанға алғаш келген. Бүгінгі шарада 5 ел өкілдері салт-дәстүрімізбен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Ипподромда өткен Көкпарды тамашалады.Количество показов: 26
Дата создания: 21.06.2025 08:01:53