Облыстық мәслихат отырысында өңір бюджеті талқыланды
Облыс бюджетінің өткен жылғы орындалуы мәслихат отырысында талқыланды. Кірістер жоспары артығымен орындалғанымен, қарастырылған қаражаттың бір бөлігі игерілмей қалған. Қай салаларға қаржы бағытталды және қандай көрсеткіштерге қол жеткізілді? Бюджет шығыстары бойынша жыл басында түрлі бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 610,1 миллиард теңге қаралған. Қаражаттың бір бөлігі инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және бюджеттік кредиттер беруге бағытталған. Өткен жыл қорытындысы бойынша облыс бюджетінің барлық қаржысы толық игерілмей, оған атқарылған жұмыстар актілерінің болмауы, мердігерлердің жұмысты кешіктіруі, бюджеттік міндеттемелердің уақытылы қабылданбауы сынды мәселелер себеп болған. Өткен жылы облыс бюджетінің кіріс бөлігі жоспардан жоғары орындалған. Жоспарланған 550,8 миллиард теңгенің орнына қазынаға 551,2 миллиард теңге түскен. Оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен қаражат пен трансферттер бар. Тексеру комиссиясының мәліметінше, облыс бюджеті түсімдерінің негізгі бөлігін трансферттер құрайды. Олардың көлемі 438 миллиард теңгеге жеткен. Өңірде бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 1,8 миллиард теңгеге түрлі жобалар қаржыландырылыпты. Ал «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша 24 ауылдық елді мекенде 44 жоба іске асырылған. Сондай-ақ жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында 8 мектептің құрылысы іске асқан.Количество показов: 15
Дата создания: 25.06.2026 07:00:48



















