Облыстық мәслихат депутаттары 2017- жылдың бюджетіне ұсынылған жобаларды тыңдады
Облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев балаларға арналған медициналық сауықтыру орындарындағы педагогтар мен қорғаныс саласындағы медицина қызметкерлерінің де облыстық денсаулық сақтау басқармасы бюджетіне ортақ екенін алға тартты. Мәселен, "Шағала" сауықтыру орталығындағы мұғалімдерге жалақы төлеу үшін 67 миллион, ал әскерге баратын ер азаматтарды медициналық тексеруден өткізетін 100-ден астам дәрігер мен медбике қорғаныс саласынан емес, денсаулық басқармасынан 200-миллион теңгеден астам еңбекақы алады. Жаңа жобалармен жіті танысқан облыстық мәслихат депутаттары бұл жұмыстың басы деп отыр.
Басқарма басшылары осы жолмен қараша айының соңына дейін депутаттардың алдында келер жылғы жұмыс жоспарларымен бөліседі. Басшылар бюджеттің қысқарғанын естен шығармауы керек. Биыл қазынадағы 195 миллиард теңге жұмсалса, келер жылы бюджет қаржысы 170 миллиард теңгеге шақталады.
Количество показов: 2039
Дата создания: 16.11.2016 19:13:57