Облыстық көпбейінді ауруханада жаңа 2 бөлімше ашылды
Облыстық көпбейінді ауруханада жаңа бөлімшелер ашылды. Бұған дейін терапия бөлімшесінің құрамында болған гастроэнтерология, нефрология және ревматология бағыттары енді жеке бөлімше ретінде жұмыс істейді. Бұл - Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес еліміздегі облыстық ауруханаларда жүргізіліп жатқан құрылымдық өзгерістердің бірі.Облыстық көпбейінді ауруханада 18 төсекке есептелген гастроэнтерология және 15 төсекке арналған нефрология бөлімшелері құрылды. Алдымен 16 төсекке арналған ревматология бөлімшесі ашылған болатын. Бұған дейін гастроэнтерология, нефрология және ревматология бағыттары терапия бөлімшесінің құрамында жұмыс істеп келген. Енді бұл бағыттар жеке бөлімшелер ретінде бөлініп, медициналық көмекті бейінді түрде көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Облыстық көпбейінді аурухана 410 төсек-орынға арналған. Ал жаңа құрылым Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы бағытта арнайы жол картасы әзірленіп, соған сәйкес жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, бөлімшелердің жеке жұмыс істеуі пациенттерге бейінді медициналық көмекті ұйымдастыруға және әр бағыт бойынша емдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Количество показов: 11
Дата создания: 26.08.2026 09:10:50



















