Облыстың белсенді бикештері марапатталды
Мереке иелері бүгін әдетте саяси жиындар өтетін "Нұр Отан" партиясы ғимаратының ішін ерекше мейірімге бөлегендей. Мерекелік кештің де аты да соған сай - "Көктем шуағы". Бұл ханымдар Ақтөбенің атағын асқақтатуға, абыройын арттыруға аянбай үлес қосып жүр. Үйде бала тәрбиесі, түзде елдің қамы. Бәріне де уақыт табады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы шақырылған 40 әйелді көктем мерекесімен құттықтап, әрқайсысына 50 мың теңгелік сыйлық сертификатын тапсырды. Айрықша ілтипатқа бөленген сұлулардың арасында спортшы, кәсіпкер, дәрігер, құқық қорғаушы, мәдениет саласының қызметкерлері мен бала тәрбиесіне өзіндік үлес қосқан зейнеткерлер де бар. Солардың бірі - Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актрисасы Шалқия Бақытжанова. 45 жыл қазақ сахнасында өнер көрсеткен ол қазір зейнетте. Әйтсе де, сахнадан қол үзген емес. Қазақтың сұлу қыз-келіншектерінің рөлін сомдаған Шалқия апай қазір әжелерді сомдап жүр. Қоғамның қай саласы болмасын әйелдерге мұқтаж. Ал жаны нәзік бикештер қашанда ер азаматтарға арқа сүйейді. Бүгін облыс әкімі бастаған ерлердің ықыласына бөленген ханшайымдар ән айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Количество показов: 1961
Дата создания: 07.03.2018 19:10:40