Облыстың бас полицейі тас жолдарды тексерді
Аймақтағы стратегиялық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолында көлік апаты жиі тіркеледі. Осыған орай, облыстың бас полицейі аталмыш трассада өзі тексеріс жүргізіп, көлік жүргізушілерімен кездесті. Трассадағы ахуалды өз көзімен көріп, бақылауды күшейтті. Самара–Шымкент автожолы арқылы тәулігіне 16 мыңнан астам көлік қатынайды. Облыс аумағындағы бөлігі 700 шақырымнан асады. Бұл жол – халықаралық және ұлттық бағыттағы негізгі көлік дәлізі. Алайда, жыл басынан бері дәл осы жолда 101 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 41 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақат алған. Полицияның мәліметіне сәйкес, жол апаттарының басты себебі – қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шамадан тыс асыру және қауіпсіз арақашықтықты сақтамау. Осыған орай, облыстық ПД бастығы тас жолды бақылауға өзі шықты. Сапар барысында полиция басшысы блок-бекеттердің жұмысын тексеріп, патрульдік экипаждардың қызметіне бақылау жүргізді. Қазір аталмыш трассада стационарлық полиция бекеттері тұрақты жұмыс істеп тұр.Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін арттыру үшін профилактикалық шаралар күшейтіліп, қосымша тапсырмалар берілді. Полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзге азаматтардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырады.Количество показов: 21
Дата создания: 25.11.2025 07:16:54



















