Облыстық білім басқармасы жылды қорытындылады
Биыл аймақта бүлдіршіндерді балабақшалармен қамту көрсеткіші 95,2 пайызды құраған. 2747 орынға арналған 33 балабақша пайдалануға берілді. Ал, 29 мектептің құрылысы басталған болатын. Олардың 10-ы ел игілігіне берілді. Қалған 19-ы ауыспалы жоба. Бүгін өңірдің білім саласын дамытуда атқарылған жұмыстар туралы бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева айтып берді. Аймақ бүлдіршіндерін биыл балабақшамен қамту жоспары 100 пайыз орындалды. Көрсеткіш 95,2 пайызды құраған. 2700-ден астам орынға арналған 33 балабақша пайдалануға беріліпті. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді. Бүгінге дейін мектепке дейінгі ұйымдардың 37 пайызы талапқа сай келмеген. 135 балабақшаға 950 млн. теңге бөлініп, материалдық-техникалық базасы жаңартылған. Ол үшін облыстық әкімдік қолдау білдірген. Одан бөлек 136 орынға арналған "Жұлдыз" облыстық арнайы балабақшасы бүлдіршіндерді қабылдаған. Тағы 6 балабақша күрделі жөндеуден өтіпті. Аймақта 434 мектеп бар. Онда 190 мыңға жуық оқушы білім алады. Соңғы екі жылда 14 млрд теңгеден астам қаржыға 73 білім беру ұйымы күрделі жөнделген. Қазір апаттық, үш ауысымды білім мекемелерінің мәселесін шешу өзекті дейді Бұлбұл Күзембаева. Биыл 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың 10-ы ел игілігіне берілді. Қалған 19-ы ауыспалы жоба. Одан өзге, еліміздегі келешек мектептерінің 14-і өңірімізде бой көтеруі тиіс болған. Жеті мектеп балаларды қабылдады. Қалғанының құрылысы аяқталған. Оқу жылының үшінші тоқсанында және 2026 жылдың алғашқы жарты жылдығында ашылады. Жалпы 3 жылда облыс мектептерінің 24-ін күрделі жөндеуден өткізіп, материалдық-техникалық базасын жаңғырту жоспарланған. Білім мекемелерінің жетеуі күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы да тағы 8 мектеп күрделі жөнделеді.Количество показов: 12
Дата создания: 25.12.2025 10:18:57



















