Облыста онкологиялық ауруларға шалдыққан 162 бала тіркеулі
Соңғы 5 жылда Қазақстанда қатерлі ісік ауруына шалдығушы балалар санының артуы байқалады. Бұған себеп-дертті ерте анықтай алмау. Дер кезінде тиісті ем жасалмауы. Өңірімізде 162 бала онкологиялық ауруға шалдыққан. Дені лейкоз диагнозымен тіркеулі. Лейкоздың бұлайша ушығының себебі әзір белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша бұл дертке иммунитеті төмен, әлсіз балалар бейім. Өйткені, лейкоздың басты қоздырғышы вирустар. Ақтөбеде аққан немесе лейкоздан көз жұмған балалар бар.Баласы қатерлі ісікпен ауырып, шарқ ұрған ата-ананың тауқыметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Лейкоз дертіне шалдыққан балалар онкогематологтың жіті бақылауында болуы тиіс. Өкінішке орай, Ақтөбеде ондай маман тапшы. Ата-аналар перзентін емдеу үшін Астанаға барады. Тіпті Израиль мен Оңтүстік Кореяға емделіп жатқандары да бар. Ақтөбеге арнайы шақыртылған профессор Гюнтер Хенц ақтөбеліктерге бүгін үміт сәулесін сыйлады. Ол үш күн бойы облыстық балалар клиникалық ауруханасында онкологиялық дертке шалдыққан балаларды қабылдайды. Түске дейін дәрігерлермен жұмыс істеп, түс қайта науқастарды қарайды.
Облыстық клиникалық балалар ауруханасында өтетін семинар үш күндік. Шетелдік маман жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліспек. Ақтөбеде биыл өңіраралық медициналық орталықтың құрылысы басталуы тиіс. Облыстық балалар клиникалық ауруханасы жанынан салынатын нысанның сметалық құжаттары дайын. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мұнда онкогематология бөлімі болады. Орталықта трансплантологиядан басқа емнің барлығы жасалады деген жоспар бар. Ал жергілікті дәрігерлер шетелге онкогематология саласын меңгеруге жіберіледі.
Количество показов: 2008
Дата создания: 14.02.2018 19:02:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>