Облыста өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында өсім байқалды
Халық шығынының басым бөлігі күнделікті қажеттіліктерге жұмсалады. Атап айтқанда, тұтыну шығыстарының 59 пайызы азық-түлікке тиесілі. Облыс бойынша ұлттық статистика бюросы департаментінің мәліметіне сәйкес, еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап, екінші тоқсандағы орташа айлық жалақы 440 мың теңгеден асып отыр. Тұрғындардың табысы, азық-түлік бағасы және жұмыспен қамту мәселелері өңір экономикасымен тығыз байланысты. Осы жылдың алғашқы тоғыз айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 триллион теңгеден асты. Өнеркәсіпте тау-кен өндірісі негізгі үлеске ие. Ал өңдеу өнеркәсібінде кейбір көрсеткіштер төмендеген. Сондықтан алдағы уақытта дайын өнім өндіруді арттыру маңызды. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 880 миллиард теңгеге жеткен. Қаражат өнеркәсіп, энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталып жатыр. Мәселен, Хромтау ауданында қуаты 150 мегаватт болатын жел электр станциясы пайдалануға берілген. Сонымен қатар қалада және Мұғалжар мен Темір аудандарында үш жаңа мектеп ашылған. Құрылыс саласында өсім байқалады. Тоғыз айда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 353 миллиард теңгені құраған. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артқан. Осы бағытта экономикалық көрсеткіштермен қатар, халықтың тұрмыс деңгейі де маңызды. Биылғы сегіз айда облыс халқының саны 3 мың адамға өсіп, 958 мыңға жеткен. 9 мыңнан аса шақалақ дүниеге келген. Алайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 7 пайызға төмендеген.Количество показов: 14
Дата создания: 16.10.2026 08:38:35



















