Облыста «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүруде
Түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер, ойын-сауық орындарындағы балалар және ата-аналық міндетін орындамаған отбасыларға шара қолданылуда. Облыс бойынша өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бірқатар құқықбұзушылық анықталды. Төрт күннің ішінде 80 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілген. Рейд нәтижесі тағы нені көрсетті?Назар аударыңыз, балалар! Облыста «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында төрт күн ішінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 80 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олардың арасында кафе, мейрамхана, клуб және компьютерлік клубтарда болған балалар бар, дейді мамандар. Іс-шараның негізгі мақсат - жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алайда рейд барысында ата-ана бақылауының әлсіздігі де анықталған. Ал кәмелетке толмаған балалар «Аяла» кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілген. Жауапкершілік ата-анамен ғана шектелмейтінін жеткізді жауаптылар. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ойын-сауық орындарына кіргізген кәсіпкерлер де заң алдында жауап береді. Рейд барысында баланың жасын анықтамай қызмет көрсеткен бір кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ойын-сауық орындарынан 17 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталыпты. Полиция мамандары ата-аналарды балалардың қайда жүргеніне бейжай қарамауға, әсіресе түнгі уақытта олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.
Количество показов: 10
Дата создания: 20.08.2026 07:47:05



















