Облыста тәртіп сақшылары жетіспейді. 149 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде жол полициясы қызметкерлері тапшы. Учаскелік инспекторларды көлікпен қамту мәселесі бірізденді. Енді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев полиция қызметкерлерінің баспана мәселесіне көңіл аударамыз деді. Бүгін облыс әкімдігінде аймақтағы қылмыстық ахуал талқыланды. Облыс бойынша мал ұрлығы мен көлік тонау қылмыстары жиі тіркеледі. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев қалада көлік тұрақтарының санын арттырсақ, көлік тонау қылмысы азаяды дейді.
Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің қатарын толықтыруды қолға алған. 149 бос жұмыс орны бар. Шалқар ауданынан басқа жерге тәртіп сақшысы қажет. Қалада жол сақшылары жетіспейді. Жол апаттары алдыңғы жылдармен салыстырғанда биыл азайған. Өңір басшысы қоғамдық көлік жүргізушілерін тәртіпке шақыру керек екенін ескертті. Ештеңеге қарамастан, ештеңеден қорықпастан жол бойында жөңкіліп жүретін автобустарға жол сақшылары көз жұма қарап отыр деді ол.
Количество показов: 1400
Дата создания: 06.09.2017 19:03:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>