Облыста инженерлік желілерді жаңарту бағытында миллиардтаған қаржы бөлінген
Облыста биыл энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 20 ұлттық жоба қолға алынған. Осының аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңарту көзделген. Жұмыстарды жүзеге асыру үшін 30 миллиард теңге бөлініпті. 20 жобаның 14-і бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Жобаларды алдын ала жоспарлау инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, өңірде инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендетіп, олардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 17.10.2026 07:30:44



















